Дэвид Джеймс қарыздарынан құтылу үшін киімдерін сата бастады

Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы банкротқа ұшырады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Джеймс мансабында 25 миллион долларға жуық қаржы жинаған. Дегенмен 2005 жылы қақпашының әйелімен ажырасуы Дэвидті қаржылық қиындыққа алып келді. 2014 жылдың мамырында экс-футболшы өзін банкрот деп жариялаған болатын. Sky басылымының хабарлауынша, ол естелікке алған экипировкаларын аукционда сатпақ ниетте. Интернет-аукционда Дэвидтің 2010 жылғы әлем чемпионатындағы Англия - Германия кездесуінде киген свитерін сатып алуға болады. Сондай-ақ, Уэйн Рунидің қолтаңбасы қойылған жейдені, Фил Невиллдің 2004 жылғы Еуропа чемпионатында киген майкасы сатылымда тұр.

Eurosport.ru сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или