«Астана» қорғаушысы кибербаскетбол кубогына қатысады
«Астана» президенттік баскетбол клубы Джермайя Хиллдің «Pro Cup» кибербаскетбол кубогына қатысатынын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Кубокты ВТБ Бірегей лигасы ұйымдастырады. Турнирге 2 топ қатысады. Әр топтың үздік екі ойыншысы плэй-офф кезеңіне шығады. Кубокта 7 баскетболшыдан бөлек Матч ТВ тележүргізушісі Никита Загдай бақ сынайды.
Әр ойыншыда 5 командадан болады, әрқайсы сапында бір матч қана ойнай алады.
Турнир 8 сәуірде басталады. Тікелей трансляцияны ВТБ Бірегей лигасының ВКонтакте желісіндегі парақшасынан (vk.com/vtbleague) көруге болады.
А тобы
Никита Загдай (Матч ТВ)
Георгий Жбанов (Нижний Новгород)
Джордан Теодор (УНИКС)
Сергей Долинин (Локо)
В тобы
Джеремайя Хилл (Астана)
Артем Комолов (Нижний Новгород)
Иван Евстигнеев (Химки)
Сергей Балашов (Зенит).
Еске салайық, ВТБ Бірегей лигасының 2019/2020 жылғы маусымы мерзімінен бұрын аяқталған болатын.

Карантин: Ел спортшыларының тыныс-тіршілігі қандай?

«Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирі. 1/4 финал

Велотур виртуалды түрде өтеді