Ауыр атлетика

Екі елдің ауыр атлеттері Токио Олимпиадасынан шеттетілді

Екі елдің ауыр атлеттері Токио Олимпиадасынан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) допинг ережелерін бұзғаны үшін ауыр атлетикадан Тайланд пен Малайзия құрамаларын Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысудан ресми түрде шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Таиландтық ауыр атлетика қауымдастығы (TAWA) және Малайзия ауыр атлетика федерациясы (MFW) Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) мүшеліктен шығарылды. TAWA - үш жылға, MFW - бір жылға.

2018 жылғы әлем чемпионатында тоғыз таиландтық ауыр атлет допинг сынақтарынан өте алмады, осыдан кейін федерация Токио-2020 қатысатын құрамалар қатарынан шығатынын жариялады.

Содан кейін Таиландтан бірде-бір зілтемірші Олимпиадалық іріктеуден өткен жоқ.
TAWA-ға 200 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды, оның бір бөлігі Тайланд федерациясына қатысты мәселелерді шешуге байланысты IWF шығындарын жабады.

TAWA дисквалификациясы 2022 жылдың 7 наурызында аяқталады, бірақ допинг мәселесі шешілмеген жағдайда ұзартылады.

Малайзия үш ауыр атлеті бір маусымда допинг қолданғаннан кейін жазаланды.

MWF құқығын тоқтата тұру 2020 жылдың 4 қазанында жойылуы мүмкін, бірақ Олимпиада ойындарынан шеттету 2021 жылы күшінде болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер