Станимир Стойлов: «Біз чемпиондыққа лайық ойын өрнегін көрсеттік»

Елордалық футболшылар өздеріне чемпиондықты қамтамасыз еткен «Астана» - «Қайсар» матчынан кейін «Астананың» бапкері – Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз – конференциясы өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бүгін жеңгенімізге өте қуаныштымын. Бірінші таймда тағы да 3 – 4 гол соғуға мүмкіндігіміз болған, бірақ сонда-да екінші доп соға алдық, осыдан кейін бізде оңайрақ болды. Мен ойыншыларға рахмет айтқым келеді, олар өте күрделі дайындалып, тәртіпті және ұйымдасып ойнауға болатынын көрсетті. Менің ойымша, дәл осы бізге чемпиондықты әкелді. Клубтың барлық қызметкерлерін, клубтың басшылығын, демеушілерді, «Астана Арена» қызметкерлерін осы жеңіспен құттықтағым келеді. Команда олардың қолдауын сезді. Осы адамдар біз чемпион болу үшін өте көп нәрсе жасады. Осы лауазымды лайықты, деп есептеймін, өйткені біз лигадағы үздік ойындардың бірін көрсеттік. Бар бапкерлік штабты, менімен бірге келген болгариялық әріптестерімді, бір тұтас істі жасаған жергілікті бапкерлерді құттықтағым келеді. Олар өте күрделі жұмыс істеді. Ерекше Григорий Бабаянға алғыс айтқым келеді, осы команданы жинаған, ол өте күрделі жұмыс өткізді, осы чемпиондыққа бастама берген. Командаға келгенде ол маған өте қатты көмектескен, мен үнемі оның демеуін сезіндім. Григорий – өте салмақты маман және егер ол дұрыс дамыса, Қазақстан өте мықты бапкерге ие.

- Келесі маусымға құрам шамамен қанша пайызға өзгереді?

- Шын айтсам, мен көп ойыншыларды ауыстырғым келмейді. Егер біз көп футболшыларды ауыстырсақ, онда команданы жаңадан құру қажет. Біздің командаға көп футболшыны ауыстыру керек, деп ойламаймын, 1-2, максимум 3 мықты ойыншы біздің команданы күшейтеді, келесі жылы біздің команданы мықтырақ жасауға көмектесетін. Бізде жақсы ойыншылар бар, егер олар кәсіби түрде жұмыс істесе, өзінің дамуында бір қадам алға баса алады. Мен жалғыз нәрсені жасадым – футболшылармен адал болдым, егер олар қателессе, жазаланатын.

- Келесі жылы команда еурокубоктардың топтық кезеңіне шыға алады ма?

- Біз осы сұраққа күрделі қарауға тиіспіз. Біз ертең келесі маусымға дайындықты бастауымыз керек, осы мақсатқа жету үшін бізді қыруар жұмыс күтіп тұр. Әр күн сайын жақсырақ ойнауымыз керек. Жеребе кезінде көшбасшы болмасымызды түсінеміз, бірақ бізде дайындыққа 6 ай бар. Көрерміз, ешкім нақты айта алмас.

- Сіз үшін «Қайратпен» соңғы ойын түбегейлі бола ма?

- Сіздерге шын айтсам, бізді әлі қос мықты командалармен ойын күтуде. «Ақтөбе» мен «Қайрат» - өте жақсы командалар, өте жақсы футбол көрсеткен. Менің ойымша, біздің бәсекелестігіміз салмақты болған, соңында жеңгенімізге қуаныштымыз. Біз соңғы екі ойынды барынша ойнап шығуға тырысамыз.

- Соңғы матчтарда сіз дубльдан жас ойыншыларға мүмкіндік бересіз, деген мүмкін бе?

- Көрерміз, команданың матчтарға дайындығына қарай, сосын кімнің ойнайтынын байқаймыз. Егер ойыншылар психологиялы дайын болса, онда ойнайды. Жоқ болса, онда біздің жас футболшылар Кубоктың жартылай финалында қалай ойнай алатынын көрсеткен.

- Бауыржан Жолчиевтің ойынын бағалай аласыз ба?

- Шын айтсам, Жолчиев бүгін тек бірінші жартыда үш доп соғу керек еді, онда мүмкіндік болған. Футболшылар мүмкіндігін жоғалтып алғанда оларға ұрыспаймын. Олар жұмыс істемеген жағдайда, қозғалмағанда, қорғаныс әрекеттеріне қатыспағанда оларға наразымын.

fca.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или