Әлем футболы

Тевес: Футболшылар бір жыл жалақы алмаса да өмір сүре алады

Тевес: Футболшылар бір жыл жалақы алмаса да өмір сүре алады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық атақты футболшы Карлос Тевес мынадай кезеңде қиыншылығы барларға көмектесу керек екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Біз сөзсіз өзге адамдарға көмектесіп, үлгі көрсетуіміз керек. Футболшылар, актерлер кедей өңірлерге барып көмек қолын созғаны жөн.

Футболшылар жарым жыл немесе бір жыл жалақы алмаса да өмір сүре алады. Біз күндегісін күнде тауып жүрген жандарға ұқсамаймыз. Олар әр күні таңғы алтыда кетіп, кешгі жетіде үйге оралады. Соның бәрі тек отбасын асырау үшін ғана.

Біздің балалар тамақтан тарықпайды. Ал қиыншылығы бар адамдар үйден шықса ұсталады. Шықпаса балалары ашығады. Бұл адамды алаңдатады. Біз үшін үйде отырып алып видео түсіріп, челлендж ұйымдастыру өте оңай. Бірақ біз сыртқа шығып адамдарға нақты көмек беріп, үлгі көрсетуіміз керек. Мен солай істеуге дайынмын, - дейді Тевес

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер