Әлем футболы

«Жүрегім қарс айырылады». ФИФА президенті Италиядағы жағдай туралы айтты

«Жүрегім қарс айырылады». ФИФА президенті Италиядағы жағдай туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

ФИФA президенті Джанни Инфантино Италияда коронавирустық пандемияға қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. soccernews.ru порталына сілтеме жасап.

«Италия халқы, олардың отбасы мүшелері басына түскен азапты көргенде менің жүрегім қарс айырылады. Біз ережелерді сақтап, қайғы-қасіретке қалай көмектесу туралы ойлануымыз керек. Біз ғалымдардың ұсыныстарын бұлжытпай орындауға тиіспіз.

Футбол қайта оралады. Сол кезде, біз бәріміз тойлаймыз », - дейді Инфантино.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 823,6 мың адамнан асты. 40 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Айта кетелік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 435-ке жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер