Елдос Ахметов: «Астана» – Чемпиондар Лигасында ойнауға дайын»

Елдос Ахметов: «Астана» – Чемпиондар Лигасында ойнауға дайын»

Ел чемпионы «Астана» футбол клубының қорғаушысы Елдос Ахметов «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- Сәлеметсіз бе, Елдос. Биылғы чемпионатты қорытындылай кетсеңіз?

- Иә, басынан соңына дейін чемпионат қызықты өтті. Барлығы чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда шешілді. Жалпы, ел біріншілігі тартысты өрбіді.

- «Шахтердің» биылғы нәтижесіне таң қалдыңыз ба?

- Әрине, мұндай жағдай әр командада болуы мүмкін. Біздеде, басқа командаларда. Бұл жайт өкінішті, футбол болған соң бірде қайғы, бірде қуаншылық болады.

- «Қайраттың» басшылығы бес негізгі ойыншыны жаттығудан шеттетуі дұрыс шешім болды ма?

- Шын айтсам, білмеймін. Менің командам болмаған соң, ештеңе айта алмаймын.

- Станимир Стойлов жайлы пікіріңіз қандай?

- Мықты бапкер екеніне барлығымыздың көзіміз жетті. Ол келгелі бері, «Астана» әлі бір ретте жеңілмеді. Команданы қалай дайындағанын елдің бәрі көріп тұр ғой. Оның келуімен ойынымыз жақсарды. Стойловтың алдындағы бапкер де жаман болған жоқ.

- Чемпионаттың үздік ойыншысы болып Бауыржан Исламхан атанды. Мұнымен келісесіз бе?

- Келісемін. Өйткені, Бауыржан бірінші турдан бастап соңғы турға дейін «Қайратты» алға тартып келе жатқан ойыншылардың бірі.

- Алдағы уақытта ұлттық құрамамыз Түркиямен кездеседі. Бұл ойыннан не күтесіз?

- Менің ойымша, жақсы ойын көрсетуіміз керек. Себебі, Қазақстан құрамасы ақырындап өзіне сенімді команда болып келе жатыр. Әрине, Түркиямен ойын оңай болмайтыны анық. Олардың ең басты қаруы – жанкүйерлері. Дегенмен, жеңіспен ораламыз деген сенімдемін.

- «Астана» Чемпиондар лигасындағы ойнауға дайын ба? Қалай ойлайсыз?

- Иә, дайын. Өткен Еуропа лигасындағы көрсеткен ойынымызды ескере отырсақ дайынбыз деп ойлаймын. Жалпы, «Астана» - биылғы маусымдағы Қазақстанның ең мықты командасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или