Құрама бапкері коронавирустың жаттығуға қалай әсер еткенін айтты

Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, коронавирустың ұлттық құраманың дайындығына қалай әсер еткенін айтып берді.
- Ұлттық құрама лицензиялық ұпайларды қалай алады? Халықаралық күрес федерациясы (UWW) қандай шешім қабылдады?
- Барлық спортшылар карантин режимін сақтауға тырысып жатыр. Көптеген лицензиялық турнирлер тоқтатылды. Біз UWW шешімін күтіп отырмыз.
- Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуі мен пандемия спортшылардың дайындығына әсер етті ме?
- Бұл жағдайлар кей спортшыға әсер етеді, ал біреулеріне әсер етпейді. Мұндай жағдай әсіресе жасы ұлғайған спортшылар үшін қиын. Бірақ, біздің қыздар төзімді әрі шыдамды. Шешімді күтеміз, әрі дайындықты жалғастырамыз.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 27-29 наурыз аралығында өтетін еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша Азия аймақтық іріктеу турнирі тоқтатылған болатын. Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия осы турнирде ойналуы керек еді.