Әділет Ахметғали Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Қазақстандық палуан Әділет Ахметғали Азия ойындарында жеңіс жолын жалғастырып, жүлдеге бір қадам жақындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кураштан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз Қытайлық Тайбэй өкілі Сун Хяо-чжунмен белдесті.
Әділет Ахметғали қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 10:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Финалға шығу үшін Әділет Ахметғали Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен кездеседі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или