Әлем футболы

Испания футбол федерациясы Ла Лига клубтарына несие ұсынбақ

Испания футбол федерациясы Ла Лига клубтарына несие ұсынбақ
news-banner7
mobile-news-top

Испания Футбол Федерациясының (RFEF) президенті Луис Рубиалес ұйым коронавирустық пандемияға байланысты чемпионаттың тоқтап қалуынан қаржысының едәуір бөлігін жоғалтқан клубтарға қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мarca хабарлағандай, Рубиалес «Біз қаржы ұйымдарымен сөйлестік. Егер Ла Лига қаласа, барлығын талқылаймыз. Біз 500 миллион еуро көлемінде несие желісін ұсыну жөнінде жұмыс істеп жатырмыз», - деген.

Бұған дейін Бундеслиганың 4 клубы Германиядағы мұқтаж командаларға көмек ретінде 20 миллион еуро бөлетіні белгілі болды, ал Англия Премьер-лигасының клубтары ойыншылардан жалақыларын 50 пайызға төмендетуді сұрауы мүмкін.

Еске сала кетелік, ДДСҰ коронавирус пандемиясы туралы 11 наурызда жариялаған. Аурудың алғашқы белгісіз түрі алғаш рет 2019 жылдың соңында Уханьда (Хубэй провинциясы, Қытай) тіркелді. Содан бері вирус 150-ден астам елге енген. Әлемде инфекцияның 460 мыңнан астам жағдайы тіркелсе, 21 мыңнан астам адам көз жұмған. Сонымен қатар, жұқтырғандардың 113 мыңнан астамы емделіп шықты, Испания инфекция жұқтырғандар саны бойынша әлемде төртінші орында (49 мыңнан астам).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер