Әлем футболы

«Барселона» ойыншылары жалақының төмендеуіне қарсы шықты

«Барселона» ойыншылары жалақының төмендеуіне қарсы шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» ойыншыларының кейбірі коронавирусқа байланысты жалақының 70% төмендетілуіне қарсы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport.es сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, каталониялық клуб коронавирустық пандемиядан болған қаржылық шығындарды есептеп, ойыншылардың жалақысын 70 пайызға төмендеуін ұсынды. Сонымен бірге, кейбір ойыншылар бұл қадамға келіскен, ал кейбірі бұған қарсы болған.

Испаниядағы карантин кезінде клуб бұл шараны енгізгісі келетінін алдын ала хабарлаған. Бірнеше аптаның ішінде жалақының 70% -ға қысқаруы кейбір дереккөздерге сәйкес ойыншылардың жылдық жалақысының 5-тен 10% -ға, ал басқалары бойынша 20%-ға дейін жоғалтуға әкеледі.

Еске салсақ, коронавирустық пандемия туралы ДДСҰ 11 наурызда жариялаған. Аурудың алғашқы белгісіз түрі алғаш рет 2019 жылдың соңында Уханьда (Хубэй провинциясы, Қытай) тіркелді. Содан бері вирус 150-ден астам елге енген. Әлемде инфекцияның 460 мыңнан астам жағдайы тіркелген. 21 мыңнан астам өлім тіркелген. Сонымен қатар, жұқтырғандардың 113 мыңнан астамы емделді, Испания жұқтырғандар саны бойынша әлемде төртінші орында (49 мыңнан астам).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер