Велоспорт

Алексей Луценко: Мұндай оқиғалар бізді жігерлендіріп, ынтамызды арттырады

Алексей Луценко: Мұндай оқиғалар бізді жігерлендіріп, ынтамызды арттырады
news-banner7
mobile-news-top

COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген жарыстар кейінге шегеріліп, уақыттары өзгертілді. Соған қарамастан, Астана Про Тим" мүшелері сақтық шараларын ескере отырып, жаттығу жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде қазақстандық велошабандоз бос уақытты тиімді пайдаланып, үй жағдайында жаттығу жұмысын жасап жатқанын айтты.

"Соңғы кезде бос уақытымды отбасыммен өткізуге тырысып жатырмын. Қуанышыма орай, барлық жақындарым, отбасым аман-сау. Қазір барлық әлем қиын дағдайды басынан кешіріп жатыр. Бұл қиындықпен бетпе-бет келмес үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап, сақтанып отыруымыз қажет.

Әрине, ерте ме, кеш пе біздің жарыстарымыз қайтадан басталады. Бұл менің жұмысым. Осындай жоспарланбаған үзілістің арқасында толық демалып, физикалық, моральдік тұрғыдан да өз қалпыма келіп алдым. Мен дайындықтықты тоқтатпай, соған жаттығуымды жалғастырамын.

Мұндай оқиғалар керісінше, біздің жігерімізді жасытпай, жаттығуға деген ынтамызды аша түседі. Барлық сақтық шараларын сақтана отырып, трассаға да шығып көрдім. Десе де, қазір сыртқа көп шықпаймын. Азық-түлік сынды аса қажет заттарды алуға дүкенге бармасам, басқа уақытта үйде отыруға тырысамын. Ал отбасым үйден шықпады. Осындай жағдайға қарамастан жігерленіп, алдағы жарыстарға қатысуға үміттеніп отырмын. Әлемдегі жағдай ушықпай, жақын арада аяқталады деп сенемін", - дейді Алексей Луценко.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер