Live
Спорттағы коронавирус
Атлетика

Танымал атлет астана тұрғындарына тегін онлайн-дәріс өткізеді

Карантин енгізілуіне байланысты астаналық тұрғындардың көпшілігі аспаздық, тігін, би және спорт жаттығуларына арналған онлайн-дәрістерге көп ден қоя бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы Street Workout мектебінің негізін қалаушы әлеуметтік желі арқылы төзімділік пен жылдамдықты арттырып, бұлшық етті жаттықтыруға арналған онлайн-дәріс өткізеді. Street Workout бойынша әлемнің және ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Айтым Жакупов «Біз біргеміз» акциясы аясында елорда тұрғындарына тегін спорттық онлайн-дәріс ұйымдастыратынын айтты. «Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын.

Осы челленджді еліміздің барлық спортшыларына жолдаймын. Біз бірге үлкен күшпіз. Біз біргеміз»,- деді Айтым Жакупов.

Спортшының айтуынша, спорттық онлайн-дәріс оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (@aitymzhakupov) апта сайын өткізіледіы. Індетпен күресіп жатқан осынау қиын-қыстау уақытта танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар мен блоггерлер барша отандастарымызды қолдап онлайн-дәрістер өткізуде, көңілге медеу беретін жылы лебіздерін жолдап, ән жазып, әлеуметтік желілерде жазбаларын арнауда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0