Әлем футболы

Роналду коронавирусқа сынама тапсырды

Роналду коронавирусқа сынама тапсырды
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус инфекциясына анализ тапсырды, деп хабарлайды Prosports.kz испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап

Дереккөздің хабарлауынша, сынама теріс нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, қазір Роналду Мадейра аралындағы вилласында карантинде жатыр, өйткені командаластары Даниел Ругани, Блез Матюиди және Паоло Дибала коронавирус жұқтырған.

Еске сала кетелік, Роналду «Ювентусқа» 2018 жылдың жазында «Реал Мадридтен» ауысып барды. Трансфер құны 117 миллион еуроны құрады. 35 жастағы шабуылшы осы маусымда Италия чемпионатының 22 матчына қатысып, 21 голдың авторы атанды (оның жетеуі пенальтиден) және үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер