Хоккей

Эдди Паскуале «Барыстың» ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды

Эдди Паскуале «Барыстың» ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Нұрсұлтандық «Барыс» ақпан айында команданың үздік ойыншыларын анықтау бойынша жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орынды қақпашы Эдди Паскуале иеленді, ол 45% дауыс жинады. Екінші орынды шабуылшы Никита Михайлис (12%), үшінші орынды қорғаушы Даррен Диц (10%) иеленді.

Ақпан айында Эдди Паскуале 5 рет бастапқы құрамда шықты. Бұл матчтарда «Барыс» негізгі уақытта бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ - 4 жеңіс және 1 тең ойын. Паскуаленің статистикасы да керемет: соққылардың 93,8%-н қайтарды. Сондай-ақ ҚХЛ да канадалықты чемпионаттың 21-ші аптасының үздік қақпашысы деп таныды.

Фото hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер