Португалиялық футболшы 50 жылға алаңнан аластатылды

Швейцарияның төртінші дивизионында өнер көрсететін португалиялық футболшы Рикардо Феррейра 50 жылға алаңнан аластатылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

28 жастағы футболшы ақтық ысқырықтан кейін допты төрешінің бетіне лақтырып жіберген, мұнымен тоқтамай, қазының үстіне су шаша бастапты.

Бұл ісі үшін Феррейра 2064 жылдың 5 маусымына дейін алаңнан аластатылды. Бұған дейін португалиялық футболшы 45 матчтық жазаға ілінген екен.

«Біз чемпионатымызда мұндай футболшының болғанын қаламаймыз. Өкінішке қарай, осы секілді оқиғамен жыл сайын кездесеміз», - дейді швейцариялық әуесқой футбол лигасының басшысы Роберт Брейтер.

Феррейраның өзі мұндай жазаны күтпегенін айтады.

«Мені бір немесе екі жылға ғана жазалайды деп ойлап едім. 50 жыл? Футбол – менің өмірім ғой», - деді Феррейра.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или