Командалық

Волейболшылар клубтары жалақыларын толық бермегенін айтып шағымданды

Волейболшылар клубтары жалақыларын толық бермегенін айтып шағымданды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан волейбол федерациясы клубтардың басшылығына ойыншыларға еңбек заңнамасына сәйкес толық ақы төлеу керектігін ескертті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚВФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған себеп көптеген волейболшылардың ҚВФ-қа COVID-19 коронавирус эпидемиясы салдарынан ел чемпионатының ертерек аяқталуынан соң, жалақы төлеуге байланысты көптеген шағымдары болды.

«Қазақстан Республикасының 28-ші чемпионатының барлық лигаларда мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты және пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 63 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Волейбол федерациясы. қолданыстағы заңнамаға (еңбек кодексіне) сәйкес қолданыстағы еңбек шартының бұзылуына байланысты барлық ойыншылармен, жаттықтырушылар құрамымен және басқа да қызметкерлермен есеп айырысуын сұрайды. Волейбол федерациясы президентінің атына түрлі клубтар ойыншыларының жазбаша және ауызша шағымдары көбейіп келе жатқандығына байланысты волейбол федерациясы қызметкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке және еңбек заңнамасын қатаң сақтауға шақырады. Олай болмаған жағдайда клубтың бірінші басшылары заң алдында жеке жауап береді», - делінген ҚВФ бас хатшысы Ермек Сырлыбаев қол қойған клубтарға арналған үндеуде.

Фото volley.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер