Хижниченко тағы да алаңға шықпады
<p>
<strong>Польша Экстраклассасының 14-ші турында кельцелік «Корона» үш ұпай олжалады, деп хабарлайды «<a href="http://prosportkz.kz/kz/">PROСПОРТ</a>».</strong></p>
<p>
«Корона» бұл турда краковтік «Висламен» кездескен. Кельцеліктер есепті Кирилл Петровтың көмегімен ашты, дегенмен Лукаш Бурлига таразы басын теңестіріп тастады. Кейін командалар бір-біріне гол «сыйлады». Алдымен Ричард Гузмич өз қақпасына гол соқты, сосын Радек Деймек те өз командасының иелігін тура нысаналады – 2:2. Кездесудің аяқталуына бес минут қалғанда алаң иелері үшінші голын салды – «Коронаға» француз Оливье Капо-Обу жеңіс әкелді. Бұл матчта да қазақстандық Сергей Хижниченко алаңға шыққан жоқ. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или