Бокс

Ғалымбек Кенжебаев бокстан іріктеу турнирін қорытындылады

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Амманда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін қорытындылап, боксшылардың нәтижесіне баға берді. Бас жаттықтырушының айтуынша, Азия аймақтық турнирі құрлықтағы бокс қарқынының жоғары екенін тағы бір дәлелдеген.

– Сегіз жолдаманы алдық, енді нағыз сындарлы сәт басталады. Боксшыларға жанкүйер ерекше сенім артады. Біз бапкерлермен бірлесе отырып, сенім үдесінен шығуға тырысамыз. Сын-пікірдің көп болғаны да дұрыс. Бірақ соңғы кезде өзбек бапкерлеріне қатысты көп жазбаларды көзім шалды. Бұған дейін өзбекстандық әріптестеріме қатысты қандай да бір пікір айтпағанмын. Осы жолы ашығын айтқым келіп тұр. Олардың кейбір әрекеттерін дұрыс емес деп есепеймін. Әсіресе, баспен соғу, шынтақпен қағу дегенге олар ерекше мән береді. Ал біз ешқашан мұндай кеңес бермейміз боксшыларға. Залдағы жаттығу кезінде-ақ көрші ел бапкерлерінің осындай кеңес беретінін байқаймын. Бұл дұрыс емес. Мұны, тіпті, жігіттік деп те айта алмаймын, - дейді Ғалымбек Кенжебаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер