Хоккей

Швейцариядағы әлем чемпионаты өтпейді

Швейцариядағы әлем чемпионаты өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Элиталық дивизиядағы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 8-24 мамыр аралығында өтпейді. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының вице-президенті Калерво Куммола мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Сақтандыру мәселесін қалай шешу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Бәрі анық болғаннан кейін IIHF ресми мәлімдеме жасайды, алайда әлем чемпионаты биылғы көктемде болмайтыны әлден белгілі болды», - деді Халықаралық хоккей федерациясының вице-президенті Калерво Куммола.

Айта кету керек, турнирдің өткізілмейтіні туралы ресми ақпарат әлі жарияланбаған. Федерация A және B топтарындағы бірінші дивизионда 2020 жылғы әлем чемпионатын алып тастауға қатысты соңғы ресми мәлімдемесін жасады.

Сонымен қатар, IIHF президенті Рене Фазель IIHF баспасөз қызметіне берген сұхбатында:

- Өкінішке орай, қазіргі уақытта әлем чемпионаты мәртебесіне қатысты маңызды шешімдер қабылданбайды. Мүдделі тараптар көптеген елдерге әсер еткен коронавирустың қазіргі жағдайын ашық талқылады, деді IIHF президенті Рене Фазель.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Латвия, Норвегия, АҚШ, Ресей, Финляндия және Италия құрамаларымен В тобында ойнауы тиіс.

Елдегі төтенше жағдай мен карантин жағдайына байланысты Қазақстан құрамасы жаттығулар өткізбейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер