Әлімханұлы мен Ербосынұлының Канададағы жекпе-жегі кейінге қалды

Әлімханұлы мен Ербосынұлының Канададағы жекпе-жегі кейінге қалды

28 наурызда Канаданың Квебек қаласында бокс кеші өту керек еді. Бірақ ұйымдастырушылар коронавирустың өршуіне байланысты бокс кешін өткізуден бас тартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кеште қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Айдос Ербосынұлы өнер көрсетуі керек болатын. Жәнібек ганалық боксшы Исса Самирмен (18-0, 15 КО), Айдос канадалық Тим Кронинмен жұдырықтасады деп жоспарланған. Ал кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Артур Бетербиев пен қытайлық Фаньлун Мэн кездесуі керек еді.

Бокс кешінің өтпейтіні туралы Әлімханұлы инстагарм парақшасында жазды.

- Қадірлі жанкүйерлер, жекпе-жегімді асыға күтіп отырған ағайын! Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. 3 ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды. Бұйыртса жарқын күндер алда. Біз сіздермен бірге QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз, - деп жазды Жәнібек.

Ербосынұлының Канададағы алғашқы жекпе-жегі ресми жарияланды

Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жегі уақытында өте ме?

WBC Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін ресми жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или