Бокс

Ербосынұлының Канададағы алғашқы жекпе-жегі ресми жарияланды

Ербосынұлының Канададағы алғашқы жекпе-жегі ресми жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлының Канадада өтетін алғашқы жекпе-жегі ресми жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

Ербосынұлы келесі жекпе-жегін 28 наурызда Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы - 35 жастағы жергілікті спортшы Тим Кронин. Бұл жекпе-жек туралы «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясы ресми түрде мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл кеште Жәнібек Әлімханұлы да өнер көрсетеді. Оның қарсыласы - ганалық боксшы Исса Самир (18-0, 15 КО). Ал кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Артур Бетербиев пен қытайлық ФФаньлун Мэн кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер