русский язык
Бокс

Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жегі уақытында өте ме?

Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жегі уақытында өте ме?
news-banner7
mobile-news-top

12 наурызда Канаданың Квебек қаласында бокс кеші өту керек еді. Бірақ ұйымдастырушылар коронавирустың өршуіне байланысты бокс кешін өткізуден бас тартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кеште қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов пен Аман Қазанкапов өнер көрсетуі керек болатын. Алайда WBC Азия және WBC Youth World белбеулерінің иегері Садриддин жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан. Ал Аманның Хулио Орналеспен жекпе-жегі өтуі керек еді. Боксшылар тіпті салмақ өлшеу рәсімінен де өтіп қойған.

Бірақ Монреаль облыстық денсаулық сақтау департаменті қауіпсіздік мақсатында бокс кешін өткізбеу туралы шешім қабылдады. Ұйымдастырушылар шараны көрермендерсіз өткізуге тырысты, бірақ оның да сәті түскен жоқ.

Айта кетейік, дәл осы жерде (Квебек қаласы) 28 наурызда Жәнібек Әлімханұлы мен Айдос Ербосынұлының қатысуымен бокс кеші өтеді деп жоспарланған. Жанкүйерлер коронавирустің беті қайтпаса, ұйымдастырушылар бұл бокс кешінен де бас тарта ма деп алаңдап отыр.

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі кейінге шегерілді

Ербосынұлының Канададағы алғашқы жекпе-жегі ресми жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;