Жәнібек Әлімханұлы коронавирус жайлы: Бір аптадан кейін бәрі жақсы болады деп ойлаймын

Жәнібек Әлімханұлы коронавирус жайлы: Бір аптадан кейін бәрі жақсы болады деп ойлаймын

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 28 наурыз күні Канадада ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) болатын жекпе-жектің өтпеуі немесе кейінге шегерілуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек WBC және ІBF тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы чемпион Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) пен қытайлық Фанлун Ман (16-0, 10 КО) арасындағы басты жекпе-жек өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтасуы тиіс. Бірақ қатерге байланысты коронавирустың таралу қауіпіне байланысты бокс кеші басқа жерге ауыстырылуы немесе белгісіз мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін.

«Ақпараттың алғашқы толқыны әрдайым осындай. Бір аптадан кейін бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Өкінішке орай, қазір көп ақпараттың салдарынан дүрбелең туып тұр . Сабыр сақтайық», - деп жазды Жәнібек өзінің жеке инстаграм парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы: Чемпион болуды күні-түні ойлаймын

Жәнібек Әлімханұлы: Тарихтан өз орынымды аламын

Әлімханұлы мықты қарсыласқа тап болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или