Екі UFC турнирі Лас-Вегастағы шағын залда өтеді
UFC президенті Дана Уайт видеомәлімдеме жасап, әртүрлі штатта өтуі тиіс екі турнирдің Лас-Вегастағы (Невада) APEX деген шағын залда өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұған тұтас дүниені дүрбелеңге салған коронавирус себеп болып отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда бүкіл әлемде <span>коронавирустық пандемияға байланысты жаппай спорттық және ойын-сауық шараларына тыйым салынып жатыр.</span>
<span>Ұйым басшысы өз сөзінде жалпы жанкүйерлердің және файтерлердің бас амандығы үшін екі бірдей жекпе-жек кешін шағын залда өткізуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұл қадамға коронавирус таралуының алдын алу үшін барып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, жанкүйерлер турнирді залдан тамашалай алмаса да тікелей эфир арқылы көруге толық мүмкіндігі бар екенін айтты. </span>
<span></span>
<h4>Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жегі уақытында өте ме?</h4>