Футзал

Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» марапатына үміткер атанды

Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» марапатына үміткер атанды
news-banner7
mobile-news-top

футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының және «Қайрат» АФК қақпашысы Лео Игита Futsalplanet Awards нұсқасы бойынша тағы да «Әлемнің үздік қақпашысы» аталымына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марапаттың иесі өткен жылдың қорытындысы бойынша анықталады

Игита бұл марапатты бұған дейін 2015, 2016 және 2018 жылдары үш рет жеңіп алған.

Өткен жылы «Қайраттың» капитаны тағы да халықаралық деңгейде тамаша ойнап, клубтың УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шығуына көмектесті. Игита сонымен қатар, 2020 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған Қазақстан құрамасының маңызды ойыншыларының бірі болды.

Қазақстан құрамасының 33 жастағы қақпашысынан басқа, мына футзалшылар да үміткер тізіміне енді: Гуитта («Спортинг», Португалия), Миодраг Аксентиевич (АЦЦС, Франция), Карлос Баррон («Пальма», Испания), Джони Мендеш («Пато», Бразилия), Лукас Фарах («Бока Хуниорс», Аргентина), Хуанхо («Барселона», Испания), Мохаммади («Газпром-ЮГРА», Ресей), Юши Секигучи («Нагоя Оушенс», Жапония).

Фото: afrk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер