Велоспорт

Тректегі велоспорттан спринтерлік додаға кімдер қатысады

Тректегі велоспорттан спринтерлік додаға кімдер қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына үш жолдама жеңіп алды. Берлинде өткен әлем чемпионатынан кейін Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) жаңа рейтинг түзіп, Қазақстан сапынан үш спортшының Олимпиадаға қатысатыны анықталды. Осы орайда, командадағы спринтерлердің жаттықтырушысы Валентин Савицкий жолдамадан кімдердің үмітті екенін айтты.

- Бізге қолдау көрсетіп, жанкүйер болған әрбір жанға алғысымды білдіремін. Өйткені, біздің спортымыз әлі де жас. Спринттен Олимпиадаға тарихи жолдама жеңіп алдық. Осы оқиғаға атсалысқандарға көп рахмет. Әлем чемпионатындағы ең үлкен нәтижелердің бірі - кейриннен Сергей Пономаревтің алтылыққа енгені. Дәл осы көрсеткіштің арқасында біз Токио ойындарына лицензия алып отырмыз. Сергей Пономарев екеуміз әлем чемпионатында медальсіз қалғанымызға әлі өкінеміз. Өйткені, жүлде алатын жеріміз еді. Енді бар күшімізді Олимпиада ойындарына дайындалуға жұмсаймыз. Жанкүйерлерді Олимпиада медалімен қуантсақ деген мақсатымыз бар. Осындай үлкен мақсат қойып отырмыз. Біздің спортта лицензия спортшыға емес, елге беріледі. Сондықтан, бұл жолдамаға Сергей Пономарев, Андрей Чугай және Павел Воржев үмітті. Әрқайсысының Олимпиадаға қатысатын әлеуеті бар, - деді Савицкий.

Берлиндегі әлем чемпионатында Сергей Пономарев кейриннен 6-шы орын алса, Артем Захаров омниум бойынша алғашқы ондыққа енді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер