«Журналистерді кіргізбеді». «Барыс» коронавирустан сақтанды

«Журналистерді кіргізбеді». «Барыс» коронавирустан сақтанды

«Барыстың» баспасөз қызметі ҚХЛ плэй-офф кезеңіндегі «Металлургке» қарсы матчтан кейін журналистерді киім ауыстыратын бөлмеге кіргізбеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Қазақстандық клуб бұл шешімнің коронавирус эпидемиясынан сақтану үшін қабылданғанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, «Барыс» плэй-офф кезеңінде «Металлургпен» бесінші матчын өткізіп, 5:2 есебімен жеңген болатын. Осылайша, елордалық клуб серияда 4:1 есебімен жеңіп, Гагарин кубогының ширек финалына өткен еді.

<h3>«Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты</h3> <h3>«Барыс» - «Металлург» матчына бейнешолу</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или