Юрий Перцух: Барлығын жеңіспен қуантқымыз келді

Юрий Перцух: Барлығын жеңіспен қуантқымыз келді

«Астана» футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры аясында «Қызыл-Жар СҚ» командасын 4:0 есебімен жеңді. Ойын соңында елорда командасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцух матч туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Ойында ірі есеп тіркелгеніне қарамастан, өте қиын кездесу өрбіді. «Қызыл-Жар СҚ» - өте жақсы қарсылас, оған қоса дәл бүгінгідей ауа райында ойнау оңай емес. Дегенмен, біз екінші таймда қарсыласты толықтай қыспаққа алып, турнирдің басында өте маңызды жеңіске қол жеткіздік.

- Сен алматылықсың. Бүгін сені арнайы қолдауға келгендер болды ма?

- Бүгінгі ойынға менің достарым мен жақын туыстарым және де Нұр-Сұлтан қаласынан бір топ жанкүйерлер келді. Оларға ерекше алғыс айтамын. Жеңіске жетіп, барлығын қуантқымыз келді!

- Сен «Астана» сапындағы кезінде «Қызыл-Жар СҚ» құрамында ойнаған жалғыз футболшысың. Бұл ойынға ерекше бір дайындық болды ма?

- Мен қарсыластың қандай ұжым екендігіне қарамастан алаңға тек бір мақсатпен шығамын. Ол команданың жеңісіне көмектесу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или