Үш боксшымыз Олимпиада жолдамасына қол жеткізді
Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирінің ширек финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
8 наурызда күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан қазақстандық үш боксшы да Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
Қазақстан құрамасының тәжірибелі боксшыларының бірі Василий Левит (91 келі) ширек финалда тәжік спортшысын 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті. Демек, Олимпиада жолдамасы Левиттің қанжығасына байланды деген сөз.
Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов пен Бекзат Нұрдәулетов Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или