«Қайрат» тартысты кездесуде «Таразды» жеңді
<span class="s1">Қазақстан Премьер-лигасының 1-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Тараз» футбол клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
<span class="s1">Кездесудің 24-минутында алаң иелері сапынан Вржещиньский айып алаң сыртынан керемет соққы бағыттап, командасын есепте алға шығарды. Көп ұзамай «Тараз» футболшыларының қарымта шабуылдарының бірінде Нилс Цатл гол соғып, таразы басын теңестірді. Ойынның бірінші бөлігі тең аяқталды. Екінші таймда алаң иелері шабуылдарын арттыра түсті. Тараздықтар өз алаңдарына қамалып, тайлы тұяғымен қорғаныста болды. Ойынның 83-ші минутында Абат Айымбетов гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 2:1 алматылықтардың пайдасына. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или