русский язык

«Астана» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады

«Астана» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады

Елордалық «Астана» футбол клубы Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында петропавлдық «Қызыл-Жарды» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Кездесудің бірінші бөлігінде командалар сабырлы ойын көрсетіп, бір-бірінің әлсіз тұстарын таба алмады. Екінші тайм бастала салысымен елордалықтар шабуылға көшті. Ойынның 51-минутында жаңадан келген шабуылшы Сотириу ҚПЛ-дағы голдарына және кездесуде есеп ашты. «Астана» есепте алға шыққан соң , ойын темпі сәл басылғандай болған. Бірақ соңғы он минутта елордалықтар үш бірдей гол соқты. 82-минутта Сотириу дубль авторы атанса, 88-минутта Сигурьонссон есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның соңғы минутында Марин Томасов гол соғып, кездесуге нүкте қойды.
Қорытынды есеп 4:0 «Астананың» пайдасына. Жаңа маусымды Михал Билек шәкірттері ірі жеңіспен бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;