«Ақтөбе» клубының түлегі «Ордабасыға» ауысты

«Ақтөбе» клубының түлегі «Ордабасыға» ауысты

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан жастар құрамасының (U-21) бұрынғы қақпашысы Игорь Трофимецті қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы клубтың жаңа маусымға арналған тұсаукесерінде жанкүйерлерге таныстырылды. Трофимец шымкенттік команда сапында 42-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

23 жастағы қақпашы «Ақтөбе» клубының түлегі. Туған командасында алғашқы ойынын 2016 жылы 23 қазанда өткізген. Содан бері үш маусым бойы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или