ҚПЛ. «Қайрат» – «Окжетпес» матчының өтетін күні ауысты
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Премьер-лигасының 21-турындағы «Қайрат» - «Оқжетпес» матчының өтетін күні ауысқанын хабарлады, деп жазады, Prosports.kz ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клубтар арасындағы өзара келісім негізінде матч күнтізбеде қарастырылған резервтік күнге - 2 тамыздан 11 наурызға ауысты.
Осылайша, бұл кездесу Қазақстан Премьер-лигасының 1-ші және 2-ші турлары арасында өтеді.
Еске салайық, 7 наурызда 1-турда «Қайрат» Таразды қабылдаса, ал «Оқжетпес» сол күні «Ордабасымен» ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или