«Астана» ойыншылары жанкүйерлермен кездесті

«Астана» ойыншылары жанкүйерлермен кездесті
«Сарыарқа» ойын-сауық орталығының Marwin дүкенінде «Астана» футбол клубының жаңа ойыншылары Макс Эбонг, Тигран Барсегян және Пиерос Сотириу жанкүйерлермен кездесті.

Футболшылар клубтың атқарушы директоры Пол Эшуорттың қолынан ойын жейделерін алып, жас бүлдіршіндермен үстел үстіндегі футбол ойнап, барлық қатысушыларға автограф берді.

Сондай-ақ, Тигран Барсегян қазақтың ұлттық салт-дәстүрі бойынша жас жанкүйердің тұсауын кесті.

Жалпы алғанда, кездесу өте жақсы атмосферада өтіп, «Астана» футбол клубының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық орнатты.

Аталмыш іс-шара клубтың әлеуметтік серіктесі «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының қолдауымен өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или