Сигурьонссон – Қазақстан Суперкубогының үздік ойыншысы
Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясының ұсынған мәліметі бойынша Рунар Мар Сигурьонссон Қазақстан Суперкубогы кездесуінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Исландиялық жартылай қорғаушы кездесу барысында голдық пас беріп, нәтижелі ойынымен көзге түсті.
Instat Index көрсеткіші бойынша екінші орында Ненад Эрич. Елорда командасының капитаны аталмыш ойында қақпасына бағытталған бес тура соққыны қайтарған.
Үшінші орында Марин Томасов. Ол қызылордалық команда қақпасына 5 рет тура соққы бағыттаған.

Іnstat Index бойынша үздік бестік:
1.Рунар Сигурьонссон 299
2.Ненад Эрич 281
3.Марин Томасов 266
4.Тигран Барсегян 258
5.Пиерос Сотириу 258