Велоспорт

Тректегі велоспорттан әлем чемпионатының қорытындысы

Тректегі велоспорттан әлем чемпионатының қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

26 ақпан мен 1 наурыз аралығында Германияның Берлин қаласында тректегі велоспорттан элиталық спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтті.
Ұлттық құрама сапынан сегіз спортшы сынға түсті. Тректегі велоспорт ережесі бойынша, соңғы екі жылдағы жарыстар тізбегінен соң 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беріледі. Әлем кубогі кезеңдерінде жақсы нәтиже көрсеткен қазақстандықтар әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін алды. Енді Токио Олимпиадасына лицензия алған спортшылар есімі анықталмақ. Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның Токио Олимпиадасына үш квота алатын мүмкіндігі бар. Атап айтар болсақ, омниум, жекелей спринт және кейрин. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге Артем Захароватың омнимумда ондыққа еніп, Сергей Пономаревтің кейринде алтыншы орын алуы себеп болуы мүмкін. Халықаралық велосипедшілер одағы соңғы әрі нақты шешімді 9 наурызда жариялайды. Қазақстан командасының әлем чемпионатындағы нәтижесі төмендегідей:

Командалық спринт:Максим Налетов, Сергей Пономарев және Андрей Чугай – 13-орын;
Гит: Андрей Чугай – 18, Сергей Пономарев 22-орын;

Топтық жарыс: Роман Василенков – 21-орын;

Скретч: Әлішер Жұмақан – 21-орын; жекелей із кесу жарысы -17-орын;

Омниум: Рината Султанова 20-орын, скретч -18-ші орын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер