Стойчо Младенов: «Астана» - Қазақстандағы ең мықты команда
«Астана» - «Қайсар» арасындағы Қазақстан Суперкубогы аясындағы кездесу аяқталғаннан кейін, қызылордалық команда бас бапкері Стойчо Младеновтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
- Бүгін біз бірінші таймда аздап қобалжығанымызбен, кездесудің екінші бөлігінде өзіміздің нағыз күшімізді көрсеттік. Команданы алаңда көрсеткен жақсы ойынымын құттықтағым келеді. Біз екінші таймда бірнеше гол соғатын мүмкіндікке ие болдық. Дәл қазір команда құрамына қапталда ойнайтын шабуылшы мен қақпашы қажет. Егер осы мәселе шешімін тапса, біз маусымға толық дайын боламыз. Команда құрамындағы қазіргі бәсекелестік біздің деңгейімізді көтеретіні анық. «Астана» - Қазақстандағы ең мықты команда. Біз бүгін олармен тең дәрежедегі ойын үлгісін көрсеттік.
- Қазақстан Суперкубогына арнайы дайындық жасадыңыздар ма?
- Біз оқу-жаттығу жиынында өз жоспарымызға сай дайындық өткердік. Әрине, Суперкубоктың біздің клуб үшін маңызы жоғары. Дегенмен, біз осы ойынға ғана емес, маусым барысына да дайындалдық. Біз де, «Астана» да алдағы уақытта өздерінің ең жоғарғы деңгейлерін көрсететін болады.
- Негізгі қақпашы кім болатынын шештіңіз бе?
- Мен жоғарыда атап өткендей, команда құрамына жаңа қақпашының келуін күтудеміз.
- «Қайсар» сапынан екі үздік сұрмерген кетіп қалды. Оларсыз жаңа команда жасақтауға дайынсыз ба?
- Мбомбо мен Тигранды лайықты алмастыру үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасадық. Біз ойыншы таңдауда барынша дұрыс шешім қабылдауға тырысамыз. Себебі, құрамға қосылатын жаңа ойыншы бізді күшейтуі қажет. Тигран – жан-жақты ойыншы. Сондықтан, оны алмастыру қиындау болады. Бірақ біз барынша командалық ойын құруға тырысатын боламыз.
- Команда алғаш рет осы маусымда үш фронтта ойнайды. Қаншалықты дайынсыздар?
- Біз бірінші кезекте жақсы бәсекелестік құра алдық. Жоғарыда айтқан екі футболшыны қатарға қосатын болсақ, менің көңіл-күйім орнына түсері анық. Бүгінгі көрсеткен ойынымыз, команданың алдағы маусымға дайындығы жақсы екенін көрсетеді. Соңғы үш жылда «Қайсар» командасының көрсеткен ойынын одан әрі жақсартуға тырысатын боламыз.