Astana Pro Team Бельгиядағы «Омлууп Хет Ньюзблад Элит» турына қатысады

«Астана Про Тим» әлемдік «Омлууп Хет Ньюзблад Элит» турына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Аталған классикалық жарыс Бельгияда 29 ақпан күні басталады.
Жарысқа қатысатын «Астана Про Тим» командасының спортшылар құрамы:
Алекс Аранбуру, Мануэле Боаро, Лауренс Де Вриз, Фабио Феллине, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев және Уго Уль.
Велобәйгенің спорт директорлары: Стефано Занини және Бруно Ченьялта.
Омлууп Хет Ньюзблад - бұл жыл сайын өтетін бір күндік классикалық жарыс. Бельгияның Шығыс Фландрия аймағында дәстүрлі түрде өтеді. Бұл бельгиялық велосипедтер маусымының ашылуы, сонымен қатар Солтүстік-Батыс Еуропада жылдың алғашқы жарысы саналады.