«Шахтерге» тағы бір ресейлік қорғаушы ауысып келді
Қарағандылық «Шахтер» ресейлік қорғаушы Андрей Буйволовпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Андрей Буйволов - түрікмен футболының түлегі. Орталық қорғаушының соңғы командасы «Енисей» болды. Бұдан бөлек, ойыншы «Волга» (Нижний Новгород), «Балтика» (Калининград), «Тосно» (Тосно), «СКА-Хабаровск» (Хабаровск) сынды командаларда доп тепті. Сонымен қатар, «Тосно» сапында 2017/18 жылғы маусымда Ресей кубогын жеңіп алды.
«Шахтер» сапында Андрей Буйволов 25 нөмірде өнер көрсетеді.
Андрей Буйволов
Туған жылы: 1987 жылы 12 қаңтар
Алаңдағы орны: қорғаушы
Азаматтығы: Ресей
Бойы: 188 см.
Салмағы: 83 келі.

«Шахтер» ресейлік қорғаушыны қатарға қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или