Велоспорт

Қазақстандық велоспортшылар Берлиндегі әлем чемпионатына аттанды

news-banner7
mobile-news-top

26 ақпан күні Германияның Берлин қаласында тректегі велоспорттан әлем чемпионаты басталады.

Қазақстан командасы дүниежүзілік додаға қатысу үшін Берлинге аттанып кетті.

Әлем чемпионатына Қазақстан сапынан сегіз спортшы қатысатынын хабарлаған болатынбыз. Артем Захаров омниумда, Роман Василенков ұпай бойынша топтық жарыста, Әлішер Жұмақан жекелей сын және скретчте, Рината Сұлтанова омниум мен скретчен сынға түседі.

Спринтерлер Сергей Пономарев, Андрей Чугай мен Максим Налетов командалық спринтте бақ сынаса, Сергей Пономарев кейриннен және Андрей Чугаймен бірге шақырымдық гитте жарыс жолына шығады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер