«Барыс» сырт алаңда «Адмиралды» жеңді
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Адмирал» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық команда плей-офф бәсекесіне ерте шығып қойғандықтан сырт алаңдағы соңғы екі ойынға жастар араласқан құрамды жіберуді жөн шешті. Негізгі құрам ойыншыларының басым көпшілігі плей-офф алдында демалып жатыр.
Владивостокта өткен кездесу 3:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Бірінші кезеңде Скабелка шәкірттері үш бірдей жауапсыз шайба соқты. Екінші кезеңде алаң иелері бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңде шайба соғылмай , 1:3 есебі сақталып қалды. «Барыстың» жастар араласқан құрамы ұятқа қалдырған жоқ.
«Барыс» 61 ойыннан кейін 84 ұпаймен Шығыс конференциясында екінші орында тұр.
Биылғы маусымдағы соңғы ойынын елордалықтар Хабаровск қаласында «Амур» хоккей клубына қарсы өткізеді.