Велоспорт

Якоб Фульсанг Испаниядағы жарысты жеңіп алды

Якоб Фульсанг Испаниядағы жарысты жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» намысын қорғайтын даниялық Якоб Фульсанг Испанияда бүгін аяқталған «Андалусия Вуэльтасы» беделді жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы кезеңде 34 жастағы велошабандоз мәре сызығын екінші болып кесті. «Bahrain-McLaren» командасының өкілі Дилан Тенс бірінші орын иеленді. Бірақ жалпы есепте Фульсанг үздік шықты. Қазақстандық команданың тағы бір спортшысы Йон Исагирре төртінші орын алды.

Якоб Фульсанг «Андалусия Вуэльтасы» жарысында екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр.

«Андалусия Вуэльтасы». Бесінші кезең (13 шақырым).

  1. Дилан Тенс (Bahrain-McLaren) - 17:57
  2. Якоб Фульсанг (Астана)
  3. Алекс Эдмондсон (Mitchelton-Scott) – 0:02

…6. Йон Исагирре (Astana ProTeam) – 0:017

Жалпы есеп:

  1. Якоб Фульсанг (Astana ProTeam) - 17:47:58
  2. Джек Хайг (Mitchelton-Scott ) - 0:59
  3. Микель Ланда (Bahrain-McLaren) - 1:12
  4. Йон Исагирре (Astana ProTeam) – 1:18

«Астана» шабандозы «Вольта Альгарве-2020» жарысының төртінші кезеңінде топ жарды

«Астана» шабандозы «Руанда турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер