Бауыржан Исламхан БАӘ Кубогындағы алғашқы матчын өткізді
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан БАӘ президенті кубогындағы алғашқы матчына негізгі құрамда шықты.
Президент Кубогының 1/4 финалында «Аль-Айн» «Аль-Васла» командасына қарсы ойнап, 6:5 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы минутта алаңға шыққан Бауыржан Исламхан ешқандай нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.
Осылайша Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» командасының сапындағы алтыншы матчын өткізді. Әзірге қазақстандық футболшының еншісінде тек бір ғана нәтижелі пас бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или