«Барыс» - «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 21 ақпанда «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команда бүгін өз алаңында «Салават Юлаев» клубымен кездеседі. 

Андрея Скабелка шәкірттері өткен турда Новосибирскінің «Сибирь» командасынан жеңіліп, алты ойынға жалғасқан жеңісті сериясына нүкте қойды. Ресейлік команда қосымша уақытта жеңіске жетті (1:2).

«Барыс» ХҚЛ-дің плей-офф кезеңіне шығу мәселесін шешіп қойған. Бірақ елордалықтарға бүгінгі ойында жеңіске жетуге деген мотивация жеткіліті. Чернышев дивизионында бірінші орын алу үшін әр жеңіс өте маңызды.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға жарақатына байланысты Роман Старченко («Барыс»), Алексей Кричинин, Петр Хохряков (екеуі де «СЮ») қатарлы ойыншылар қатыса алмайды.

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или