Дзюдо

Галбадрах Отгонцэцэг «Grand Slam» турниріне қатыспайды

Галбадрах Отгонцэцэг «Grand Slam» турниріне қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг бүгін басталған әлемдік «Grand Slam» турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Галбадрах Отгонцэцэг денсаулығының сыр беруіне байланысты Дюссельдорфтағы Grand Slam турниріне қатыспайтын болды.

Аталған рейтингтік турнирге Қазақстан сапынан 17 дзюдошы қатысады. Олар: Дәурен Сүйекенов (60 кг), Мағжан Шамшадин (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Мадияр Сембаев (73 кг), Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Аслан Сағитбек (81 кг), Руслан Мұсаев (81 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Виктор Демьяненко (-100 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Анна Казюлина (52 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг), Мөлдір Нарынова (70 кг), Зарина Райфова (-78 кг) және Камила Берліқаш (+78 кг).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер