«Астана» - «Сочи» матчына бейнешолу
Қазақстанның бірінші клубы Ресейдің ең нашар клубына есе жіберді. «Астана» клубы Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясында алғашқы матчын ресейлік «Сочиге» қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңіліс тапты.
Ресейліктер сапынан Андрей Мостовой дубль жасаса, Никита Бурмистров бір гол соқты. Нұрсұлтандықтар Сигурьонссонның пенальтиден соққан голымен жауап қатты.
<iframe width="700" height="400" src="https://www.youtube.com/embed/7xOk19L81A8" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
«Астана»: Непогодов, Шомко, Логвиненко, Постников, Рукавина, Перцух, Сигурьонссон, Эбонг, Ротариу, Жалмұқан, Щеткин.
Екінші таймда Барсегян, Томасовтармен қатар, жаңадан келген Сотириу да алаңға шықты.