Велоспорт

«Андалусия Вуэльтасы»: «Астана» шабандозы алғашқы кезеңде топ жарды

«Андалусия Вуэльтасы»: «Астана» шабандозы алғашқы кезеңде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 19 ақпанда Испанияда «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндік веложарысы басталды, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы кезеңде 173,8 шақырым қашытықты жүріп өтті.

Бұл кезеңде «Астана» сапында өнер көрсететін даниялық велошабандоз Якоб Фульсанг топ жарды. Ал екінші орын Bahrain-McLaren командасының испаниялық шабандозы Микель Ландаға бұйырды. Үздік үштікті бельгиялық спортшы Дилан Тенс (Bahrain-McLaren) түйіндеді.

Айта кетейік, Фульсанг аталған турнирдің қазіргі таңдағы жеңімпазы саналады.

«Андалусия Вуэльтасы». 1 кезең.

1. Якоб Фульсанг («Астана») - 4:41:08

2. Микель Ланда (Bahrain-McLaren) - +0:06

3. Дилан Тенс (Bahrain-McLaren) - +0:25

Жалпы есеп:

1. Якоб Фульсанг («Астана») - 4:41:08

2. Микель Ланда (Bahrain-McLaren) - +0:06

3. Дилан Тенс (Bahrain-McLaren) - +0:25


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер