«Барыс» – «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» – «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 18 ақпанда «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команда бүгін өз алаңында Новосибирскінің «Сибирь» клубымен кездеседі. 

Андрея Скабелка шәкірттері кезекті ойынға көтеріңкі көңіл-күймен қатысқалы отыр. Соңғы алты ойында да жеңіске жеткен қазақстандық команданың айдарынан жел есіп тұр. 

Оның үстіне «Барыс» та, «Сибирь» де плей-офф кезеңіне шығу мәселесін шешіп қойған. Бірақ қос команда үшін де бүгінгі ойында жеңіске жетуге деген мотивация жеткіліті. «Барыс» қатарынан жетінші ойында жеңіске жетуге тырысады. Әрі Чернышев дивизионында бірінші орын алу үшін әр жеңіс маңызды. Ал «Сибирь» ойыншылары бүгін жеңіске жетіп, Шығыс конференциясында төртінші орын алу үшін күресті жалғастырғысы келеді. 

«Барыс» – «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или