Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі қазақстандық топ жарды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында екі қазақстандық топ жарды

14-20 ақпан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Ауыр атлетика федерациясының баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Жарыстың екінші күні екі қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды.

Карина Құзғанбаева 81 келі салмақта 227 келіні (101 + 126) көтеріп, жеңімпаз атанды.

81 келіден жоғары салмақта Айсамал Сансызбаева 249 келіні (109 + 140) бағындырып, алтын жүлдеге қол созды.

Еске сала кетелік, жарыстың алғашқы күні 4 қазақстандық жеңімпаз атанды.

Фото: ҚР ААФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или